Меню KDT




Бүгінгі күн — ертеңгі тарих



Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесінде Риддер тарихи-өлкетану музейінің қорлары тарихи-мәдени маңызы зор құнды жәдігерлермен толықты. Олардың қатарында батырдың сауыты мен дулығасы, «Тұғыры биік тұлғалар» атты екі томдық кітап және жазушы Көкей Сақабаевтың жеке заттары бар.                Құнды жәдігерлерді музей қорына Көкей (Көпжасар) Сақабаевтың ұлы Қуаныш Сақабаев тапсырды.

  

Көкей Сақабаев XX ғасырдың 1960–1980 жылдары Лениногор полиметалл комбинатының жобалау-конструкторлық бөлімінде инженер-конструктор болып қызмет атқарған. Кейін журналистика мен әдеби шығармашылыққа бет бұрып, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды.Сауыт пен батырдың дулығасын, жазушының жеке заттары мен кітаптарын музей қорына тапсыру — өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға қосылған маңызды үлес. Бұл жәдігерлер Риддердің өткен тарихын, көрнекті тұлғаларын есте сақтауға және тарихи мұраны келер ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.Құнды сыйы және туған өлкеміздің тарихи жадын сақтауға қосқан үлесі үшін Қуаныш Сақабаевқа шынайы алғысымызды білдіреміз!