Меню KDT




Риддер тарихи-өлкетану музейінің
ресми сайтына қош келдіңіз!




Музей директоры

Мақсұт Алмас Мырзабекұлы

Телефон: 8 (72336) 4 25-27

Музей туралы

Риддер тарихи-өлкетану музейі өңірдің тарихын, табиғатын және мәдениетін зерттеп, тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді және қолжетімді мәдени қызметтер көрсетеді. Музей Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 11 мекенжайында орналасқан. Жалпы ауданы 411 ш.м, оның ішінде 277 ш.м — экспозициялық залдар, 74 ш.м — жұмыс кабинеттері, 60 ш.м — қор сақтау бөлмесі.

Музей штатында 11,5 бірлік қарастырылған, 7 маман жұмыс істейді. Қорларда археологиялық, этнографиялық, палеонтологиялық коллекциялар мен фотоматериалдарды қоса алғанда, 33 800-ден астам сақтау бірлігі бар. Ғылыми жұмыстар бес бағыт бойынша жүргізіледі: жаратылыстану, археология, этнография, тарих және тарихи-мәдени мұраны қорғау.

Музей облыстық, республикалық және халықаралық жобаларға белсенді қатысады. 2013 жылы музей маманы республикалық «Жылдың үздік экскурсоводы» байқауында бірінші орынға ие болды.

071300, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 11
8(723336) 4-26-62
8(72336) 4-25-27
muzei@bk.ru