Меню KDT




Тоқтар Әубәкіров – ел мақтанышы, ғарыш шежіресінің жарық жұлдызы



Тоқтар Әубәкіров –Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, еліміз үшін аспанды ашқан батыр.1946 жылы 27 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген. Ол көпбалалы отбасыда туып, ата-анасынан ерте айырылған соң апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болған. Жер бетіндегі қарапайым еңбекпен басталған  өмір жолы 15 жасында ДОСААФ парашют секциясынан басталды. Сол жас шағында-ақ болашақ ғарышкердің бойында батылдық пен ерлік дарыған екен. Кейін Қарағанды оқу авиациялық орталығында пилоттық шеберлікті меңгеріп, Армавир жоғары әскери авиация училищесін бітіріп, ұшқыш-инженер мамандығын бітірген.  
    

         

Тоқтар Әубәкіровтің шын мәніндегі ерлігі – авиация саласындағы сынақтарда көрінді. 1976–1990 жылдары ол А. И. Микоян атындағы конструкторлық бюроның сынақ ұшқышы ретінде 50-ден астам ұшақ түрін сынақтан өткізіп. МиГ-29, МиГ-31, дыбыстан жылдам ұшатын МиГ-25 – оның шеберлігін паш етті. 1988 жылы ол солтүстік полюске әуе жанармайын толтырып орындаған тұңғыш ұшқыш болды. 1989 жылы МиГ-29К ұшағын «Тбилиси» ауыр авианосец крейсерінің палубасынан
тұңғыш ұшуды орындады.1990 жылғы 6 қарашада КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы атағы берілді.Кеңестік 50 әскери ұшақтың тұсауын кескен атақты сынақшы-ұшқышы.                                                                                                                                                                                                       

      


Әскери авиациядағы айрықша жетістігі үшін Гиннестің рекордтар кітабына және Дүниежүзілік авиация музейіне  енген. Ғарышқа ұшу – тек кәсіби шеберлік емес, нағыз ерлік  1991 жылы Тоқтар Әубәкіров Қазақстан бағдарламасы бойынша «Мир» станциясына экспедицияға аттанды. Экипажда кеңестік ғарышкер Александр Волков және австриялық Франц Фибёк болды. 8 күндік сапар барысында ол ғылыми зерттеулерді жүргізіп, Қазақстан атын әлемге танытты.Ерлік пен елдік ұғымын өз болмысында тоғыстырған біртуар тұлға. Оның есімі тек кәсіби жетістіктерімен ғана емес, Отан алдындағы өлшеусіз еңбегімен де айрықша құрметке ие. Мемлекет  тарапынан берілген жоғары марапаттар  айқындайды.      
1995 жылы  Тоқтар Әубәкіровқа  ең жоғарғы дәрежелі атағы – Халық Қаһарманы беріліп, Алтын Жұлдыз медалі табысталды. Бұл – тек батырлықтың ғана емес, ұлт алдындағы адал қызметтің белгісі. Сол жылы «Отан» орденімен марапатталуы да оның ел дамуына қосқан зор үлесін айғақтайды. Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы ретінде ол көк аспанды бағындырып қана қоймай, қазақ елінің абыройын әлемге паш етті.                                                                                             Оның ерлігі кеңестік кезеңде де жоғары бағаланды. 1988 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алып, Ленин орденімен марапатталды. Бұл – сол дәуірдегі ең жоғары наградалардың бірі болды . Сонымен қатар Алтын Жұлдыз медалі мен Қазан төңкерісі ордені оның қайсарлығы мен кәсіби шеберлігінің тағы бір дәлелі.1990 жылы оған КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш атағы берілді. Бұл атақ – авиация саласындағы аса күрделі әрі жауапты еңбектің мойындалуы. Ал «Алтын Крест» орденін 1988 және 1993 жылдары алуы – оның халықаралық деңгейде де беделі жоғары болғанын көрсетті.                                                            Тоқтар Әубәкіров – тек ұшқыш немесе ғарышкер ғана емес, ол Қазақстан үшін батылдық пен ғылымның символы. Марапаттар тізбегі –өмір жолындағы жетістіктер ғана емес, тұтас бір халықтың мақтанышы. Оның ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі, ал алған атақтары – ел тарихындағы алтын әріптермен жазылған шежіресі ұрпаққа шабыт береді.