Меню KDT




«Жеті қазына» квест



Риддер қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Наурызнама онкүндігі аясында, 21 наурыз — Ынтымақ күніне орай «Жеті қазына» қалалық квестін және «Үздік Наурыз көже» байқауын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында командалар жеті локация бойынша өтіп, әрқайсысы қазақ халқының «Жеті қазынасына» арналды.Риддер тарихи өлкетану музейінде Қыран бүркіт атты  бекеті болды. Қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени мұра туралы мол мағлұмат алды.