17 наурыз — Шаңырақ күні
Шаңырақ — әр отбасының тірегі, бірліктің белгісі, жылулық пен берекенің нышаны. Бүгін «Алёнка» балабақшасы Риддер тарихи-өлкетану музейіне қонаққа келді,мереке ерекше көңіл-күймен аталып өтті .
Бүлдіршіндеріміз ұлттық дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Әр бала үшін бұл күн шаттық пен қуанышқа толы болсын.
Шаңырақтарыңыз биік, отбасыларыңыз аман болсын! Әр үйде бақыт пен береке орнасын!
