Меню KDT




18 наурыз – Ұлттық киім күні.



 Наурыз мейрамы аясында атап өтілетін бұл күн – халқымыздың ұлттық киімдерін насихаттауға, олардың тарихы мен маңызын ұрпаққа танытуға арналған ерекше күн. Қазақтың ұлттық киімдері ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, эстетикалық талғамын көрсетеді. Әрбір ою-өрнек пен киім үлгісінің өзіндік мәні мен ерекшелігі бар.
Осыған орай Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балаларына ұлттық киімдерінің маңызы мен ерекшелігі туралы олардың мәні түсіндірілді.Мерекені ерекше көңіл-күймен атап өтті.
Іс-шара соңында орман шаруашылығы мамандары келіп, балаларға құстар туралы қызықты мәліметтер айтып, құстың ұясын қалай жасау керектігін көрсетті. Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, жаңа мәліметтер алды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – әрқайсымыздың міндетіміз!