16 наурыз — Наурызнамадағы Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16 наурыз — Наурызнамадағы Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Мәдениет сарайында «Наурыз party: Дәстүрлерді – ұлы мұра» атты іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері насихатталып, қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптейтін көріністер ұсынды.
Шараға “Риддер тарихи-өлкетану музейінен” директоры Алмас Мақсұт, әділ қазылар мүшесінің төрағасы болып қатысып, қатысушылардың өнерін бағалады.
Мұндай тағылымды шаралар ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, жас ұрпақтың салт-дәстүрге деген құрметін арттыра түседі.
