14 наурыз – Көрісу күні: Амал мерекесі -он күндік Наурызнаманың бастауы.
Көрісу мерекеге орай ШҚО Мәдениет басқармасының «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ұжымы «Батыс -Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ ұжымымен көрісіп, ұлттық дәстүрді дәріптеді.Жылы жүздесу, ақжарма тілектер мен көтеріңкі көңіл күй , әсем әуен –бәрі бүгінгі кездесудің сәні мен мәнін келтірді.Осындай игі дәстүрлер ұжымдар арасындағы сыйластық пен достықты нығайта түседі.
